Дүйсенбі, 06 Қараша 2023 16:04

Жетісай ауданында 321 шаруа қожалық иелері 1236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырды

Жетісай ауданында ауыл шаруашығы саласы ерекше назарда. Үстіміздегі жылы 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектар мақта, 19,6 мың гектар бақша, 2,9 мың гектар көкөніс, 5 мың гектар дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар егілді. 2023 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 15%-ға артып, 27,7 млрд. теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 2,8 млрд. теңгеге жетті.

321 шаруақожалық иелері 1236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырды. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Дегенмен биылғы жылы аудан дихандары үшін ағынсу тапшылығы орын алды. Ағын су мәселесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында арнайы тоқталып: «Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек», – екенін атап өтті. Ендігі жерде бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажет.

Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриялды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін жері анықталды, қазіргі таңда тиісті құжаттары рәсімделуде. Сондай-ақ, Өзбекстандық инвестормен бірлесіп тоқыма фабрикасын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта – Асық ата кентінен 5 га жер бөлініп, бірлескен «TST GROUP» компаниясы құрылды, инвесторға өнеркәсіпті даму қоры арқылы (7,6 млрд. теңге) жеңілдетілген несие қарастырылуда.

Сонымен қатар, Ресейлік инвестормен жоңышқа грануласын, Өзбекстандық инвестормен жібек жібін, қант өндірістерін құру жобалары пысықталуда. Сонымен бірге көп салалы реабилитациалық орталық ашу жұмыстары да жүргізілуде. Осы аталған жобаларды жүзеге асыру – ауданымызда өнеркәсіп саласын дамытуға негіз болады. 2025 жылға дейін қосымша 4 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жетісай ауданында шағын және орта кәсіпкерлік  дамуда. Ол үшін әкімдік тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. 8 айда негізгі капиталға 12,5 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асты. Өндірілген өнім көлемі 12,2 млрд. теңгені құрады.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 8 айының қорытындысымен 54,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  6 млрд. теңгеге жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын жасады. Онда Жаңа Қазақстанның бейнесін айқындайтын негізгі бағыт-бағдарды ұсынды. Оның ішінде ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру болып отыр.

Бюджеттің шығысы бойынша 2023 жылдың 8 айында жоспар 14,3 млрд. теңге, нақты игерілгені 99,7%-ды құрады. Кіріс көздерін ұлғайту мақсатында тиісті 889 салық салу нысанына талдаулар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 700 салық салу нысанының құны қайта бағаланды. Оның ішінде: тойхана, қонақ үй, жанармай құю бекеттері, мейрамханалар мен дүкендер бар. Нәтижесінде бюджетке қосымша 60 млн. теңге өндірілді. Қалған 189 нысанның салығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, өткен 8 айда бюджеттің кіріс бөлігі жоспардан 200 млн-ға артығымен орындалып, 3 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Осы жылы бағдарламаға Қарақай, Ералиев, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтері қатысты. Бүгінгі күнге бұл жобаға 300-ге тарта ауыл тұрғындары  қатысып, 1,5 млрд. теңгеге өтінім беріліп, 159 жоба 926,8 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Ауданның негізгі табысы агросекторға байланысты ауданның егістік жерінің басым бөлігіне мақта дақылы егілетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Аудан шаруаларының табысын арттыру үшін ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесі де кезек күттірмейтін, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жолы көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екі жақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалды.

Биылғы жылы азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жаңаауыл ауылдық округіндегі құны 350 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 790 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты», 100 млн теңгеге бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы,  Жетісай қаласындағы құны 200 млн теңгеге аяқкиім өндірісі жобасын жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының климаты ауылшаруашылығына және мал шаруашылығына өте қолайлы. Айта өту керек биыл шетелге экспорттау жұмыстары ең алғаш Жетісайдан бастау алған болатын. Сонымен қатар аудан әкімдерінің баспасөз өкілдерімен атқарылған жұмыстары туралы есеп беру кездесулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі демократияландырудың бір дәлелі. Өйткені халықтың билікке деген сенімі арта түседі. Алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды бағамдау үшін аса қажетті мұндай бас қосулар мен ашық әңгіме әкімшілік өкілдері мен баспасөз өкілдерінің арасын жақындастырып, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге жол ашатыны анық.

Аудандағы 105 елді мекеннің 1 елді мекенде ауыз су құбыры тартылмаған, 104 елді мекені орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған, оның 74 елді мекенінде 24 сағат, 30 елді мекенге ауыз су кестемен берілуде. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға өтпелі Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылға облыстық бюджеттен 272 млн 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің 4 елді мекеніне сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына 610 млн 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Мақталы ауылдық округіндегі 4 елді мекенінде,  Ж.Ералиев ауылдық округінде 1 елді мекенінде, Қызылқұм ауылдық округіндегі 1 елді мекенінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн 652 мың теңге, «Мембрана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн 670 мың теңге бөлінген. Ауданда 112 елді мекеннің 105 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 3 елді мекеніндегі жаңадан құрылған көшелеріне ЖСҚ әзірленіп  499 млн теңге бөлінді. Абай ауылдық округіндегі 4 елді мекенге, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін ЖСҚ әзірленуде.

Аудандағы 105 елді мекеннің 56 елді мекені газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 53 % құрайды. Бүгінгі таңда жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары, жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС құрылыс жүргізілуде. Нысандар жыл соңына дейін тапсырылатын болады.

Сондай-ақ, 2023 жылға 5 елді мекенді (Қызылқұм а/о, Қызылқұм, Ақтөбе е/м, Абай а/о, Отан, Бейбітшілік е/м, Ж.Ералиев а/о, Ғ.Мұратбаев е/м) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және республикалық бюджеттерден жалпы 554,6 млн құрылыс жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 181,7 млн теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Аудандағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Ал, ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырым. 2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 ,9 млрд. теңге бағытталған.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 197 рет