Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы 5 жылда облыстың ауыл шаруашылығы саласына едәуір үлес қосып келеді. Түркістанның еңбекқор азаматтары әлі күнге дейін жер жыртып, егіс егіп, мал басын көбейтуден қол үзе қойған жоқ. Оған қоса, қазіргі таңда бұл қалада Отандық өнімдерді өңдеу орындары көбейіп, ел экономикасына оң әсерін тигізіп келеді. Сондықтан, осыдан бірер жыл бұрын қабылданған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жоба жайлы қала тұрғындарына да тәшпіштеп түсіндіру қажет-ақ.
Естеріңізде болса, 2021 жылдың қазан айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен он бірдей Ұлттық жобаның тізімі бекітілген еді. Бұл туралы еліміздегі БАҚ қызметкерлері жарыса жазғанды. Солардың ішіндегі ең бір маңыздысы – «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба» болатын. Тиісінше, 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде еңбек өнімділігі 2,5 есе артып, отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуі және өңделген өнім үлесі 70 пайызға дейін жетеді деп межеленген. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 2 есеге ұлғайып, сондай-ақ, жеті бірдей ірі экожүйе қалыптастырылып, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бір миллион ауыл тұрғынының табысы тұрақты түрде артады деп жоспарланған.
Аталған жоба Түркістан қаласы тұрғындары үшін де маңызды. Халқы еңбексүйгіш, агросектордың қыр-сырын жетік меңгерген кез келген аймақ үшін мол қолдау, әлеуметті ахуалын жақсартуға таптырмас мүмкіндік. Нақтырақ айтсақ, қолынан келетін іске қолдау іздеген әрбір азаматқа серпін сыйлаған бұл кездесуде түркістандықтарға «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған» Ұлттық жоба қабылданып, осы жоба аясында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында көптеген тірліктер атқарылып келе жатыр.
Азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі – тұрақтандыру қоры. Осы ретте, облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай, «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендерді салу, олардың санын 50-ге жеткізу бағытында жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні бұрыннан жұмыс атқарып келген көлемі 24 шаршы метрлік 13 әлеуметтік дүкенге қосымша жаңадан әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 17 жаңа әлеуметтік дүкен салынып, жалпы саны 30-ға жетті. Оның 9-ын «Түркістан» ӘКК» АҚ есебінен салынса, 8-ін кәсіпкерлер өз қаражаттарымен салды.
Аталған әлеуметтік дүкендер Түркістан қаласының көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандарында, осал топтағы отбасылар шоғырланған аумақтарға орналасқан. Мұнда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтан 20-30 пайыз төмен бағада халыққа сатылуда. Тазартылған күріштің келісі 350 теңгеге, рожки (өлшеніп салынатын) келісі 300 теңгеге, қарақұмық жармасының келісі (дән, өлшеніп салынатын) 320 теңгеге, тауық етінің келісі 900 теңгеге, тауық жұмыртқасы (I санатты) 35 теңгеге, күнбағыс майының литрі 680 теңгеге, қант-шекер келісі 395 теңгеге, 1 сұрыпты бидай ұнының келісі 190 теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, пастерленген сүт, айран, сүзбе, сары май, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп, сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, ас тұзы, сиыр еті нарық бағасынан төмен сатылуда. Жыл соңына дейін қалған 20 әлеуметтік дүкен құрылысы салынып, жалпы дүкен санын 50-ге жеткізу жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы мониторинг топтары құрылған. Олар осы бағыттағы кемшіліктерді анықтап, бағаны қадағалап келеді. Президенттің жергілікті әкімдіктерге тапсырған тағы бір басты міндеті – инвестиция тарту мәселесі. Осы ретте мемлекет тарапынан инвесторларға бірнеше қолдау қарастырылған. Атап айтқанда, егер кәсіпкер жобаны іске асыруға екінші деңгейлі банктен қаражат жұмсаса, пайыздық субсидиялау бағдарламасы бойынша алынған несиенің 10 пайызға жуық мөлшерлемесі мемлекет арқылы өтеледі. Екіншіден, инвестициялық субсидиялау бағдарламасына сәйкес, көкөніс сақтау қоймаларын немесе қайта өңдеу кәсіпорындарын салған жағдайда кеткен шығынның 25-50 пайызға дейінгі мөлшері мемлекет есебінен кәсіпкерге қайта қайтарылады. Сондай-ақ сатып алынған малдың басына, тыңайтқыштар мен тұқымға субсидия төленеді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендерді салу, олардың санын 50-ге жеткізу бағытында жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні бұрыннан жұмыс атқарып келген көлемі 24 шаршы метрлік 13 әлеуметтік дүкенге қосымша жаңадан әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 17 жаңа әлеуметтік дүкен салынып, жалпы саны 30-ға жетті. Оның 9-ын «Түркістан» ӘКК» АҚ есебінен салынса, 8-ін кәсіпкерлер өз қаражаттарымен салды.
Аталған әлеуметтік дүкендер Түркістан қаласының көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандарында, осал топтағы отбасылар шоғырланған аумақтарға орналасқан. Мұнда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтан 20-30 пайыз төмен бағада халыққа сатылуда. Тазартылған күріштің келісі 350 теңгеге, рожки (өлшеніп салынатын) келісі 300 теңгеге, қарақұмық жармасының келісі (дән, өлшеніп салынатын) 320 теңгеге, тауық етінің келісі 900 теңгеге, тауық жұмыртқасы (I санатты) 35 теңгеге, күнбағыс майының литрі 680 теңгеге, қант-шекер келісі 395 теңгеге, 1 сұрыпты бидай ұнының келісі 190 теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ пастерленген сүт, айран, сүзбе, сары май, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп, сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, ас тұзы, сиыр еті нарық бағасынан төмен сатылуда. Жыл соңына дейін қалған 20 әлеуметтік дүкен құрылысы салынып, жалпы дүкен санын 50-ге жеткізу жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы мониторинг топтары құрылған. Олар осы бағыттағы кемшіліктерді анықтап, бағаны қадағалап келеді.
Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 221 мыңға адамға жетті. Өзіндік кірістердің көлемі өткен жылдың қорытындысымен 15 млрд. теңге болса, 2023 жылға 17,8 млрд. теңге болып, өсім 18,7% пайызды құрады.
Жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысымен 319 млрд. теңгені құрады. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы қалаға 304,9 млрд. теңге инвестиция тартылған. Биыл инвестиция көлемі 348,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. Қалада «TURKISTAN» индустриалды аймағы жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 19 жоба орналасқан. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Өткен жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1451 мың адамға жетті. Жыл басынан бері үш айдың ішінде Түркістанды тамашалауға келгендер саны 130,5 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4% өсті. Бүгінде Түркістандағы орналастыру орындары – туристер тұру үшін және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер және басқа да ғимараттар мен құрылыстар саны 57-ге жетті. Ірі жобалар іске қосылып, туризм саласы жаңа қарқын алды. Бірнеше саябақ пен қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары ашылды.
Шаһар басшысы қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша мердігерлерге 89 ескерту берілгенін, сотқа 82 хат жолданып, 8 мердігерге айыппұл салынғанын, облыстық сәулеттік-құрылыстық бақылау мекемесіне 22 ұсыныс хат жолданғанын атап өтті. Жұмысын толық аяқтамаған компанияларды жосықсыз деп танығанымен мәселе шешілмейтінін ескере келе, көпқабатты кей үйлердің кемшілігін демеушілер арқылы шешу қолға алынғанын жеткізді.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелердің жұмысы бұдан былай терең зерделеніп, оларға талап күшейеді, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат