Бейсенбі, 29 Ақпан 2024 10:22

Ордабасы ауданында су үнемдеу технологиясы енгізгілген жер көлемі 4 272 га жеткен

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша жиын өтті. Жиынға инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің басшысы Жомарт Бердіхан, “Omad start” кәсіпорны директорының орынбасары Алишер Шәметов, ауданның және Бәйдібек ауданының агроқұрылым төрағалары мен шаруалар, ауыл әкімдері, тиісті бөлім мамандары қатысты.

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков баяндама жасап, тамшылатып және жаңбырлатып суғару бойынша ауданның мүмкіндіктеріне, аталған бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталды.

2023 жылдың қорытындысымен ауданда су үнемдеу технологиясы енгізгілген жер көлемі 4 272 га жетті. Яғни, жаңбырлатып суғару – 1 093 га, тамшылатып суғару – 3 199 га құрады. Ағымдағы жылы 1 300 га су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Жиында су үнемдеу құралдарын шығарумен айналысатын “OMAD START” кәсіпорнының өкілі агроқұрылым басшылары мен шаруаларға құжаттандыру, суару жүйелерін енгізу, қосымша сүйемелдеу жұмыстары туралы толық ақпарат берді. Айта кету керек, аталған кәсіпорынның айына 15 мың гектар тамшылатып, 20 мың гектар жаңбырлатып суғару жүйелерін шығаруға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда облысымызда жібек жіп өндірісі қарқын ала бастапты. Қазірдің өзінде Мақтарал, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарында тұт талын егіп, жібек жіп өндірісін қолға алған шаруалар саны артып отыр екен. Бұл туралы жиынға арнайы қатысқан “Қазақ Жібек” ассосациясының төрағасы Сұлтаг Бакиров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл кәсіпті “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы да жүзеге асыруға болады. Яғни, 1 га 10 мың көшет егіп, бір тал өнімге кірген кезде 5 кг.жапырақ береді екен. Оның келісін ассосация 45 тг.қабыдауға әзір.

Аталған шаруашылықты қолға алуға ниет білдірген ордабасылық шаруаларға мамандар тарапынан толық ақпарат берілді. Жиын қорытындылаған аудан әкімі сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығын ескеріп келген ащаматтарға алғысын білдірді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында су тап­шылығына тоқталып, жаңа технологиялар мен цифр­ландыруды енгізу арқылы су тапшылығын жоюға болатындығын ерекше атап өтті. Қазірдің өзінде “Судың да сұрауы бар» екенін жақсы түсінген кейбір шаруалар «тірші­лік нәрін» тиімді пайдалануға кірісіп кетті. Яғни, олар суды көп қажет ететін егіс алқаптарын біртіндеп азайтып жатыр. Сондықтан, суды үнемдеу бүгінгі күннің басты қажеттілігі деп түсініңіздер. Жалпы, жиыннан мол пайдалы ақпарат алдыңыздар деп ойлаймын және келгендеріңізге шынайы алғысымды білдіремін – деді аудан әкімі Азат Оралбаев.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 305 рет