Сенбі, 02 Наурыз 2024 16:07

Созақ ауданында жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Таяуда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның жеке кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Созақ аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен жиынға Созақ ауданы прокуратурасының прокуроры Әбдікәрім Әуесбекұлы, Созақ аудандық Кәсіпкерлер Кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері қатысты.

Жиында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жеке кәсіпкерлігін жаңадан ашып, өз ісін бастаған азаматтарға берілетін бағыт-бағдар мен кәсіпкерлік саласындағы мәселелердің шешу жолдары жан-жақты қаралды. Жиынның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша кәсіпкерлер бірқатар сауалдар мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, кең көлемде талқыланды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 333 рет