Сенбі, 04 Мамыр 2024 11:57

Ыстамбұл – Түркістан арасында жүк ұшағы қатынай бастады

Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды. Қос шаһар арасындағы байланыстың нығаюына екі тарап қызығушылық танытып отыр. Айта кетерлігі, тауарды жинақтаушы «Kazakh Cargo» компаниясы болса, тасымалдаушы «Turkish Cargo» әуекомпаниясы.

Алғашқы «Airbus 330-200» бортымен 37 тонна жүк келген. Жүктің басым бөлігі киім-кешек. Жүк ұшағы Италияның Рим қаласынан ұшып, Түркия арқылы Түркістанға жеткен. Енді Түркістаннан ұшаққа азық-түлік артылып, Қытай еліне қарай аттанады. Еуропаға тікелей жүк тасымалдауға қолайлы ұшақ аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайтын болады.

Айта кетейік, 2020 жылы ашылған «Түркістан» Халықаралық әуежайынан жуырда ғана Самарқандқа тікелей қатынайтын рейс ашылған болатын. Сондай-ақ, Абу-Даби, Ыстамбұл, Эль-Кувейт қалаларына тікелей әйе рейстері қатынайды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 51 рет