Фабрика директоры Икбол Абишев меймандарға кәсіпорынның жұмыс барысын таныстырып, өндірістік қуаты мен жетістіктері жөнінде баяндады. Жыл сайын 10 мың дана әртүрлі корпустық жиһаз шығаратын өндіріс ошағының өнімдеріне Түркістан, Шымкент және Қызылорда облыстарында үлкен сұраныс бар. Заманауи технологияларды қолдана отырып, сапалы әрі тұтынушы талабына сай өнім ұсынып келеді.
Екінші нысан – «ТАК мебель» цехының жұмысымен таныстырылды. Онда жылына 12 000 дана жиһаз өнімін айналымға шығарылады. Жиһаздардың сапасы шетелдік баламалардан кем түспейді. Кәсіпорын бәсекелестікке төтеп беретін заманауи үлгідегі өнімдермен аймақтық нарықты қамтамасыз етуде.
Бұл кәсіпорындармен танысу барысында түркиялық делегация отандық өндірістің әлеуетіне оң баға беріп, өңірлік индустрияның даму бағыты мен кәсіпкерлік қолдау тетіктеріне қызығушылық танытты. Сауран ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жиһаз өндірісі – осы бағыттағы сәтті жобалардың бірі. Бұл салада жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың табысы артып, аймақ экономикасы дами түсуде.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат