Сейсенбі, 04 Желтоқсан 2018 15:11

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында автожолдың тұсауы кесілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталған 11 шақырымды құрайтын «Ақбастау-Тұрақты-Қаратас» автомобиль жолы пайдалануға берілді. Ақбастау ауылдық округі тұрғындарының қуанышымен бөліскен аудан басшысы Бақытбек Танагөзов құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан пайдалануға берілген автожолдың лентасын салтанатты түрде қиды. 

Ауыл қариясы, еңбек ардагері Пернен Сүгірәлиев Тұңғыш Президент күні қарсаңында мерзімінде аяқталып пайдалануға беріліп отырған «Ақбастау-Тұрақты-Қаратас» автомобиль жолы енді елді мекен тұрғындарының автокөлікпен жүру уақытын үнемдейтінін айтып, округ тұрғындары атынан алғысын жеткізді. Бұл ретте Ағыбеттегі төрт ауылды байланыстыратын ішкі жол да жөндеу көріп, тұрғындардың бірі-бірімен қатынасы артқанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар алдағы уақытта ауданға қарасты Алғабас ауылының ауызсу жүйесі жаңартылмақ. Оған облыстық бюджеттен 208 млн. теңге қаржы бөлініпті. Оған қоса Жаңаталап елді мекенінде 100 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 2666 рет