Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 10:36

Түркістан облысы: «Ұлы дала елі» орталығының құрылысы 2020 жылы аяқталады

Облыс орталығына айналғанына бір жыл болған Түркістан қаласы үшін 2019 жыл тек «Жастар жылы» ғана емес, құрылыс атаулының да қызған шағы. Құдды бір құрылыс жылы дерсіз. Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгіп жатыр. 

Соның бірі – «BI CONSTRUCTION TURKESTAN» компаниясы. Мердігер мекеме ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Ұлы Дала Елі» орталығының құрылысын жүргізуді қолға алған болатын. Аталмыш нысан келесі жылға өтпелі саналады. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысы әкімдігінің сыйы 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Жоба жетекшісі Айгуль Бапишеваның сөзіне сенсек, 0,8 гектар жер телімінде бой көтеретін орталықтың көлемі 6200 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өз кезеңімен жүріп жатыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 647 рет