Сенбі, 15 Маусым 2019 14:08

Түркістан облысы: Ағын сумен қамту үшін «Бөген су» мекемесі құрылды

Ауыл шаруашылығы саласы Түркістан облысының экономикалық драйверіне айналмақ. Саланы дамыту үшін ағын су мол болуы шарт. Осы күрделі мәселені шешу мақсатында  өңірге Үкімет тарапынан  қолдау көрсетілді. 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаевтың сөзіне сүйенсек, Оңтүстік өңіріндегі су қорына қатысты Үкіметпен 1 айда 5 қаулы қабылданған.

«Өңірдің кешенді даму жоспарын жүзеге асыруға 1 трлн. 236 млрд. теңге қарастырылып жатыр. Егіншілікке қажетті ағын суды қамту мақсатында Үкімет тарапынан 1 айда 5 қаулы қабылданды. Құжаттар су қорына қатысты. 5 су объектісі Түркістан облысының теңгеріміне өткізілді. Ағын сумен қамту үшін біз «Бөген су» мекемесін құрдық. Енді ағын судан қолбайлау туындамайды деп есептеймін» - дейді Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 785 рет