Сейсенбі, 18 Маусым 2019 17:45

Түркістан облысы: Ескі Түркістанның инфрақұрылымы жаңаланып жатыр

Жергілікті билік тарапынан облыс орталығы Түркістанды алдағы 3 жылда дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленген болатын. Құжатқа сәйкес бұл ретте басты басымдық туризм саласын жетілдіруге жасалмақ. 

Көне шаһардағы тозығы жеткен инфрақұрылымдарды жаңалау бағытында тар көше жолдары кеңейтіліп, қаланың аумағы көріктендіріледі. Шаһар шартты түрде бірнеше аумаққа бөлініп, жолдар «қызыл шаршы» негізінде жөнделеді.

Жоспар бойынша Түркістандағы 800-ден астам көшенің басым бөлігі алдағы екі жылда жөнге келтірілмек. «Негізгі көшелер Тәуке хан, Қожанов, Қазыбек би, Саттарханов көшелері, оған қоса кәріз жүйелері жөнделеді, көше бойына ағаштар мен гүлдер отырғызылады» дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасарыЖандос Байырханов.

Атап өтер жайт, Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына жасаған сапарларының бірінде шаһарды көгалдандыру мәселесіне аса көңіл бөлу қажеттігі жөнінде тапсырма да берген болатын.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 633 рет