Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 20:31

Түркістан облысы: Сайрамда тамақ өнеркәсібі ерекше дамыған

Сайрам ауданында тамақ өнеркәсібі қарқынды дамуда. Аудан кәсіпкерлері дайындаған ұн өнімдері аудан халқын түгелдей қамтамасыз етуге жетеді. Тірліктің көзін тапқан кәсіпкерлер мемлекеттік жәрдемді де тиімді пайдалануда.

Өнімі сұранысқа ие кәсіпорынның бірі «Береке» тәтті нан өнімдері.  Аудан орталығында орналасқан кондитер цехында тәтті нанның сан түрі шығады. 2008-ші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан  цехта 20 адам жұмыспен қамтылған. Орташа айлық 100 мың теңге көлемінде. «Осы «Береке» тәтті нан цехында 5 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы жерде көріп тұрғандай тәтті нан шығарамыз. Бір күнде 5 тоннаға жуық тәтті нан шығарамыз. Әр түрлі торттар, бәліштер. Нанның 30-40 түрі бар. Булочка.лепешка, торттың түрлері көп. Сұраныс жақсы» - дейді аталмыш кәсіпорынның аспаз-кондитері наргиза Дастурбаева.

Ақсукенттегі нан орталығына келіп арнайы  тапсырыс беруге де болады.   Кондитер цехының тұрақты тұтынушысы  Гүлшара Үсіпбекте бұл жолы құдалыққа арналған нан тоғыз жасатты. «Магазин берекелді, құда-жегжатқа нан тоғызды дайын етіп тұрады. Магазиніміз берекелі-мерекелі болып тұра берсін. Нандары өте дәмді, тәтті. Рахмет жігіттерге, қыздарға» - дейді ол.

Сайрамдағы бюджетке   келіп түсетін салық төлемдерінің  80 пайызы  өнеркәсіп саласынан келеді. Өткен жылы ауданда  9 млрд теңгенің өнімі өндірілген болса, оның  45 пайызы тамақ өнеркәсібінің еншісінде. Халқы еңбекқор ауданда шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда деп айтуға болады.  

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 925 рет