Сейсенбі, 09 Шілде 2019 15:56

Түркістан облысы: Келес ауданында тұт шаруашылығы қолға алынды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы жол бойларын көгалдандыру мақсатында Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінде келестік ғалым Бердияр Қалымбетов 1 гектар жерге тұт ағашының көшетін жетілдіретін бақша жасап, тұқымын егуді қолға алды. Халықаралық ғылыми ортақтастық негізінде Өзбекстан Республикасы Ферғана облысынан Жібек шарушылығына тұт ағашын жеткізіп беретін орталықтың жетекшілері арнайы келіп, аталған шарушылықтың қыр-сырымен бөлісіп жатыр. Кездесуге Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев қатысып, көрші мемлекеттен келген мамандардың тәжірибелерімен танысып, аудан әкімдігі атынан алғысын білдірді. 

Келес ауданы ежелгі Ұлы жібек жолы бойында орналасқанклиматы тұт шарушылығына өте қолайлы аймақСол себепті Келес даласында тұт шарушылығын дамытуды қолға алған ғалым Бердияр Есбатырұлы бүкіл облыс аумағын тұт көшетімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тұт ағашы өте әдемі, бойы 12-18 метрге дейін жететін, көлеңкесі қою өсімдік түрі болып табылады. Орта есеппен 70-80 жыл өмір сүреді. Тұт ағашының өнімі неше түрлі ауру-сырқауларға, сондай-ақ қан қысымымен ауыратын адамдарға пайдалы. Сондай-ақ келестік ғалым Келес өңірінде жібек шарушылығын да дамытпақшы. Жібек өндірісі – әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы – тұт ағашы. Тарихқа сүйенсек, Келес ауданында кеңес дәуірінде тұрғындар жібек шарушылығын кеңінен дамытқан. Сол ескі шарушылықты бүгінгі күннің жаңа технологиясымен өркендету үшін ауданда тұт шаруашылығы жолға қойылмақшы.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 901 рет