Сейсенбі, 09 Шілде 2019 16:07

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында суармалы жерлердің көлемі ұлғайып келеді

Ауданда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан және демеушілір есебінен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатындағы жұмыстар қарқынды іске асуда. Осы орайда Түлкібас ауданына қарасты Арыс ауылдық округіндегі «Жаңа» каналы іске қосылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. 

Каналдың жалпы ұзындығы – 4,5 шақырымАудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аталмыш каналдың 1,5 шақырымы «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалы арқылы жөндеуден өтсе, 3 шақырымына демеушілер есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда жөндеуден өткен «Жаңа» каналы арқылы Арыс ауылдық округінің 70 гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлері ағынды сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ осы бағытта демеушілер есебінен аудан аумағындағы 41 шақырымнан астам каналдар жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарын ағын сумен қамтуда.

Ауданда суармалы жерлердің көлемін 1115 гектарға ұлғайту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, республикалық бюджет есебінен ұзындығы 15,3 шақырым (нысан өтпелі 2020 жылы толығымен аяқталады), облыстық бюджет қаржысы есебінен ұзындығы 13,6 шақырым су нысандарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 90 пайызы іске асты.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 936 рет