Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019 12:13

Түркістан облысы: Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында жылыжай көлемі артты

 

Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Мысалы, Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында жылыжай көлемі артқан. 

Бүгінде шаруалар заманауи технологиялардың көмегімен жеміс-жидек пен көкөніс өсіру арқылы сапалы өнім алып отыр. Мәселен, «Мұстафаева Жұмагүл» шаруа қожалығының иесі 2010 жылдан бастап кәсібін іске қосып, өрге домалатқан. Шаруа ең алдымен мал шаруашылығынан бастап, одан соң жылыжаймен айналысуды қолға алыпты. Алғашқы жарнаны мемлекеттің қаржылай қолдауымен жүзеге асырғанНәтижесінде өнімін күннен-күнге көбейтіп, бүгінде өзін ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырЖылыжай заманауи технологиямен салынған.

Айталық, болгар бұрышының тұқымы Голландиядан арнайы әкелінген. Жалпы, жылыжайдың аумағы 3  гектарға жуық. Мұндағы өнімдер жылына 200-250 тонна өнім береді. Жылыжайда жалпы 28 адам қызмет етеді.

 Қазір ауылдастары Қайролладан үлгі алып, жылыжай салуға кіріскен. Ер атандырған адал еңбек осылайша өрісін кеңге жайып отыр. Мұндағы өндірілген өнімнің барлығы Түркістан облысынан артылмайды. Себебі сұраныс көп, сапа жоғары. Жүйнектік шаруа алдағы уақытта жылыжайдың гектарын арттырып, өнімді көбейтуді жоспарлап отыр.  

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 868 рет