Жұма, 18 Қазан 2019 15:25

Шымкентте Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті

«Чехия мемлекеті Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Екі ел арасындағы достық байланысы бекем». Шымкентте өткен қос ел кәсіпкерлерінің бизнес форумын ашқан қала әкімі осылай деді. Шара өзара сауда-экономикалық байланысты нығайтып, тауар айналымын арттыруға негіз болмақ. Оған қоса Президент Жолдауында айтылған шетелден тікелей инвестиция тарту міндетін жүзеге асырады.

«Елімізге Чехиядан, электротехникалық құралдар, фармацевтикалық өнімдер, жиһаз, шыны, тазарту құрылғылары импортталады.  Сонымен қатар машина жасау саласында да іскерлік байланыс орнатылған. Себебі, бұл салада шетелдік компаниядан үйренеріміз көп. Қала әкімі «Әріптестік байланыс екі ел экономикасына да тың серпін береді» дейді. «Чехия қазақстанның  статегиялық әріптесі. Екі ел арасындағы достық байланысы бекем. Өткен жылы Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Шымкент қаласына миллионды қала деген статус берілді .Бұл қалаға инвестиция тартуға қосымша мүмкіндік берді. Қаланың нивестициялық әлеуеті жоғары. Технологиялар мен интелектуалды ресурстар қазақстанды ғана емес орталық азияны қамтамасыз етуге негіз бола алады. Қалада өңірдің брендіне айналған ірі компаниялар жұмыс істейді. Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеуші үш кәсіпорынның біреуі бізде орналасқан. ТОО ПЕТРОҚАЗАҚСТАН. ОИЛ ПРОДАКС толықтай қайта құрылымдаудан өтті. Бүгінде экологиялық талаптарға жауап беретін жоғары октанды К-4 К-5.  өнемдерін шығарады. Фармацетпикалық кластер де жүйеленген. Химфарм 200 ден астам дәрі түрін шығарады» - деді Ерлан Қуанышұлы.

Форумға экспорттық әлеуеті жоғары  Чехия мемлекетінен  жиырмадан астам компания өкілдері келген. Олар жергілікті кәсіп иелерімен B2B форматындағы екіжақты келіссөздер жүргізді. Іскерлік байланыс ауыл шаруашылығы, инжениринг, фармацевтика, машина жасау секілді бірқатар салаларды қамтиды. Радек Вондрачек - ЧР Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы: «Бүгінгі бизнес-форум Чехия мен Қазақстан кәсіпкерлерінің арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шымкент – Орта Азиядағы ең маңызды серіктес. Сіздердің климаттарыңыз бизнестің қай саласын болсын бастауға өте қолайлы аймақ. Бұл кездесу екі елдің тауар айналымы үшін тиімді болады деп ойлаймын. Әлемдік дамуға қатысты тәжірибе алмасуға, пікір алмасуға дайынбыз».

Қазақстан мен Чехия арасындағы мұндай форматтағы форум алғаш рет Шымкент қаласында өтіп жатыр. Чех кәсіпкерлері сауда-саттық экономикалық миссия аясында қаладағы кәсіпкерлердің жобаларымен танысты. Алдағы уақытта әріптестікті орнатып бірнаше салаға  инвестиция құйуға ниетті екендіктерін білдірді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 579 рет