– Тұрақтандыру қорында 2 млрд. 200 млн. теңге бар. Тұтынуға ең қажетті деген 11 тауар түрінің бағасын көтермеу бойынша «GraMad» гипермаркетімен келсімшартқа отырдық. Олар бір жыл бойы тауарларды біз қойған шекті бағасынан асырмайды. Қазір азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруда осындай жолдарды қарастырып жатырмыз, – деді М. Исахов.
Алдағы кезекті жұмыс – нан бағасының көтерілмеуіне жол бермеу. Арзандатылған бағамен наубайханаларға ұн таратылады. Сондықтан қалыпты бөлке нан бағасы 75 теңгеден аспайтын болып келісіліп отыр. Қала басшысының орынбасары тауардың 36 түрі бойынша қор жеткілікті екенін, сондықтан тұрғындарға азық-түлік таусылып қалады деп, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін жеткізді.
- Бүгінгі күні қиын жағдайларға байланысты кәсіпорындар жұмыскерлерді уақытша демалысқа шығарып жатыр. Қала аумағындағы 400 кәсіпорынға хабарласып, сарапта жұмыстарын жүргіздік. Жұмыскерлер ең төменгі жалақыға қол жеткізуде сарсаңға салмауда палатада онлайн формат жақын арада іске қосылады, - деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Н.Қабыштаев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.