Сенбі, 28 Наурыз 2020 22:34

Шымкенттегі тұрақтандыру қорында 9250 тонна азық-түлік өнімі бар

Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммунмкациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов мәлімдеді. 

М. Пернебайұлының мәлімдеуінше, Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті. «Ал бағаның өсуі жылдағы үрдіске сай көктемгі құбылыс. Мұның елімізде жарияланған төтенше жағдайға қатысы жоқ», - дейді қала әкімінің орынбасары.

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін, ӘКК өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссияның 24.01.2020 жылғы №1 хаттамалық шешімі негізінде 11 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін «Gramad Retail» ЖШС-не жалпы сомасы 900 млн. теңге, 0,1% жылдық пайызбен қарыз қаражат берілген. Түзілген келісімшарт аясында тауарлар бағалары «Gramad Retail» ЖШС-нің 2 супермаркетінде, сонымен қатар қалада орналасқан 4 базарда және қолжетімді жерде орналасқан 44 бөлшек сауда дүкенінде тұрақтандырылған.

Өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімімен азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру үшін жалпы көлемі 9 250 тонна азық-түлік бар. Олар: ұн - 6000 тонна, қант - 2000 тонна, күнбағыс майы - 250 мың литр, макарондар - 1000 тонна.

Тұрақтандыру қорына жалпы көлемі 1,3 млрд.теңгені құрайтын тауарларды сатып, интервенция жасау туралы шешім қабылданды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 525 рет