Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 10:58

Шымкенттік компаниялар карантинге жабылған тұрғындарға азық-түлік таратты

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінің тұрғындарына жергілікті компаниялар жан-жақты қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жатыр.Бұл жөнінде Шымкент қаласыныңтөтенше жағдай бойынша штабы хабарлады. 

Атап айтқанда, «GramaD» және «KARLSKRONA» компаниялары мен «Қазыбек» базарының демеушілігімен карантинге жабылған елді мекендегі 750 отбасыға тегін азық-түлік таратылды. Тегін таратылған азық-түлік себетінің әрқайсысында 10 келі ұн, 3 литр май, 5 келі күріш, 5 келі макарон, 3 келі қант, 10 келі картоп, 5 келі пияз бен 5 келі сәбізден бар.

Айта кетер жайт, бүгінгі таңдаТәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 2 856 адам өмір сүреді. Оның ішінде 132 аз қамтамасыз етілген, 96көп балалы отбасы бар. Кәсіпкерлердің мұндай игі қадамдары карантин құрсауында қалған тұрғындар үшін зор көмек екені анық.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 400 рет