Сенбі, 25 Сәуір 2020 12:37

Түркістан: Цифрлық жүйе-қылмысқа қарсы қарымды күрес

Мемлекеттік қызмет көрсетуді Цифрлық жүйеге көшірудің сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудегі рөлі айрықша. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн отырысында айтылды.

Облыс аумағында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және жою үшін жүйелі жұмыс атқарылуда.

Облыста мемлекеттік қызмет көрсету саласында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері басым салаларына Пилоттық жобалар енгізіліп, білім, денсаулық, жер және тұрғын үй салаларында ауқымды жобалар жолға қойылған. 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты тіркелген қылмыстың басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық және тұрғын үй салаларында орын алған. Былтыр орын алған қылмыстар жер, білім, мемлекеттік сатып алу  мәселесіне қатысты және жұмыспен қамту, мәдениет, әлеуметтік салаларда тіркелген.

Жұмысқа қабылдау шараларын автоматтандыру қолға алынған. Барлық 902 мектепте smart.nation жүйесі ендіріліп, бос жұмыс орындарға үмітті 2 243 адам жұмысқа қабылданды. «Sanaly Urpaq» жобасы аясында емтихандары кезінде ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілген. 20 мектеп-интернаттардың асханалары мемлекеттік-жекешелік аясында сенімгерілік басқаруға берілген.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 438 рет