Жексенбі, 26 Сәуір 2020 17:27

Түркістан: Сайрамдағы сүт өндіретін кооперативте І тоқсанда 71 тонна сүт өндірілді

Сайрам ауданы Манкент ауыл округінде аналық мал басы 7896-ға жетіп отыр. Аудан ет-сүт өнімдерімен өзін-өзі толық қамтып отыр,-деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сайрам Ауданының әкімі Уласбек Садибеков Манкент ауыл округіндегі «О.Құрбанов» өндірістік коопреативіне барып, ондағы мал шаруашылығының жай-күйін білді.

Мұнда қазір 200 бас ірі қара мал бар. Оның 85-і сауын сиыр. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 71 тонна сүт өндірілді. Ал тәулігіне 750-850 кг өнім өндірілуде.

Өндірістік кооперативте, жалпы, 85 жұмысшы болса, оның 17-сі мал шаруасында.

Мал шаруашылығынан бөлек, аталған кооперативке тиесілі 630 гектар жердің 550 гектарына астық, қалған жер теліміне арпа егілген. Жұмысшылардың басым бөлігі де осы егістік алқабында.

Қазіргі таңда, Манкент ауыл округі бойынша 50 бастан асатын сауын сиыры бар 5 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, 5-15 бас сауын сиыры бар 35-тен аса шағын фермерлер бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 531 рет