Жұма, 24 Сәуір 2020 18:49

Шымкент: Саудагерлердің қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысаны шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. 

Бұл ретте сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Қазіргі таңда супермаркет пен дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес бұрын температурасы өлшеніп, ә дегенде антисептик құралдарын пайдалану талап етіледі.

Ал адамдар көп шоғырлануы мүмкін азық-түлік базарларына келушілердің температурасын өлшеп, арнайы ерітінділерді себетін медициналық өткелдер орнатылған және базар іші күніне екі рет дезинфекцияланады. Сондай-ақ тұтынушы мен сатушы арасында байланыс болмас үшін барлық сауда нысандарында төлемдерді онлайн төлем, карточкалық қабылдау қызметтері ұсынылады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 450 рет