Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020 12:58

Түркістан: Төлеби ауданында машина жасау зауыты іске қосылады

Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- «Ленгер машина жасау» зауыты іске қосылатын болады,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған екен.

«Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады.
Төлеби ауданындағы кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауытта халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылатын болады деп жоспарлануда.Сондай-ақ, «Ленгер машина жасау» зауытының  жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетпек.

Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр»,-делінген хабарламада.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 463 рет