Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020 13:26

2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша ел көлемінде екінші орынға шықты

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды.  Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд.теңге инвестиция салынған.

Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 185,9% құрап отыр.

Сондай-ақ, сыртқы инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалады. 13,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87% - ға жоғары.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1-тоқсанында облыстың негізгі капиталына 56,8 млрд.теңге бағытталған. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 141,3% -ға жоғары.

Қазіргі уақытта "Turkistan Invest" өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 371 рет