Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, "Тан Сари Трейдинг А" ЖШС "бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен" құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 - 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд.теңге. Компания өнімдері ТМД және ЕО елдеріне экспортталады.
Сондай-ақ, энергия көздері саласында "ЮКСЭС" ЖШС (Risen Energy, Қытай) шетелдік инвестордың қатысуымен жаңа жоба жүзеге асырылды. Инвестиция сомасы 19 млрд. теңгені құрайды. "Risen Energy" компаниясы «ЮКСЭС» ЖШС-мен бірлесіп Созақ ауданында 125 га аумақта қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырды.
Бұдан басқа, шетелдік компаниялардың қатысуымен басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде "ARM Wind" ЖШС (Италия) – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында қуаты 50 мВт күн электр станциясының құрылысын жүргізуде. Инвестиция сомасы-12,5 млрд. теңге. Естеріңізге сала кетейік," ARM WIND " - Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетикалық компаниясының еншілес ұйымы.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.