Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020 13:50

Түркістан: Кентауда күн электр санциясының құрылысы басталды

"KZT Solar" ЖШС және "HEVEL KAZAKHSTAN"ЖШС компаниялары Түркістан облысы Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген.

Ал, "YDA Insaat" түрік компаниясы Түркістан қаласында халықаралық әуежай салуды жүзеге асыруда. Инвестиция сомасы - 78,8 млрд.теңге. 1500 жұмыс орныт ашылады. Жобаны іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.

"Turkistan Silkway Harbor "ЖШС Түркістан қаласындағы АЭА-ИКО аумағында" Керуен Сарай " көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын жүргізуде. Көпфункционалды туристік кешенге жабық базар, Шығыс базары, фудкорттар, ойын-сауық аймағы, рекреациялық аймақтар және этникалық стильдегі қонақ үйлер кіреді. Инвестиция сомасы 83 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, облыс басшылығы Түркістан облысы экономикасының әлеуметтік-маңызды салаларына инвестиция тартуға ерекше көңіл бөледі. Бәрімізге белгілі, әлемде ауыз суға қол жеткізуде белгілі бір қиындықтар байқалуда. Осыған байланысты "Turkistan Invest" күшімен "Professional Mechanics" түрік компаниясы Қазақстанда теңдесі жоқ суды тазарту бойынша блоктық-модульдік станцияларды өндіруге тартылды. Осы жоба аясында 1 млрд.теңгеден астам қаражат тарту және 50-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 637 рет