Жұма, 08 Мамыр 2020 18:22

Сайрам: Жас келсе, іске!

Өзбекстан Республикасынде түрлі металдан құрылысқа қажетті өнім дайындайтын ағасының жанында ұзақ уақыт тәжірибе жинаған Бекмұрат Ешанқұлов биыл Сайрам ауданының Көлкент ауыл округінде өз кәсібін ашты,-деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібеков Көлкент елдімекеніндегі жеке кәсіпкер "Бекнұрдың" есік терезе, темір қақпа жасайтын кәсіпорнын аралады.

ЖК "Бекнұр" темірден, ағаштан үйдің ішкі-сыртқы есіктерін, аула қақпаларын, көше жарықшамдарының бағаналарын жасауды қолға алған. Ондағы жұмысшылар қазан құйып, көше атауы, басқа да жазу жазылған тақтайшаларды ойып әзірлеумен айналысуда.

- Отбасылық кәсіпті бастау үшін жинаған қаражатымызды жұмсап, бірқатар станоктарды алдық. Енді осы кәсіпті дамытуға қолдау көрсетуіңізді сұраймын, - деді Бекмұрат Анарханұлы.

Аудан басшысы бүгінгі таңда 14 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін айтып өтті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат. 

 

Оқылды 507 рет