Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 13:31

Республика бойынша ең ірі ешкі сүт өнімдері кооперативі - Ордабасыда

Ордабасы ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Республика бойынша ең ірі "Асыл тұқымды шарушылық Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативімен танысты.Бүгін ешкі сүтін өндіру және өңдеумен айналысатын шаруашылықтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған кәсіп түрін дамытудың жолдарын талқылап, бір қатар тапсырмалар берді.

"Асыл тұқымды шарушылық Ордабасы ешкі сүт өнімдері" кооперативі 2019 жылы 78 млн тг. өнім өндірген болса, алдағы уақытта 2020 жылға жоспар өнім өндіруді 130 млн тг жеткізу.

Қазіргі таңда шаруашылықта 40 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ ауданы әкімібұдан алдын Бөржар елді мекенінде орналасқан «Green town south» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС - нің жұмысымен толықтай танысты. Сонымен қатар, аудан әкімі қызмет сапарында Бадам елді мекенінде орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС және «Ордабасы құс» ЖШС - нің де жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімі Н.Тұрашбеков кәсіпорын директорларының алдағы уақыттағы жоспарларын тыңдап ары қарай дамытуға бір қатар тапсырмалар берді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 525 рет