Жұма, 15 Мамыр 2020 13:04

Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың тапсырмасына сәйкес ауданда жол жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Олай демеуге негіз жоқ. Мысалы 2019 жылы Жетісай ауданы бойынша облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыларға жалпы ұзындығы 64,63 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 2 автомобиль жолдары және 80 ішкі көшеге орта жөндеу жүргізілді. Оған қоса, жалпы ұзындығы 39,7 шақырымды құрайтын 88 ішкі көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал, 2020 жылы жалпы ұзындығы 32,76 шақырымды құрайтын 38 ішкі көшеге орта жөндеу және жалпы ұзындығы 83,3 шақырымды құрайтын 162 ішкі көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде, 11 көшеге орта жөндеу, 21 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу, 2 көшеге аяқ жол салу жұмыстары аяқталды.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 442 рет