Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020 10:39

Жыл басынан бері Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан

Бұл кен өндірісінің 71,7 пайызға, электр және бу беру саласы 8,1 пайызға,  негізгі фармацевтикалық өнімдердің өндірілуі 14,8 пайызға, тамақ өнімдерін өндіру 8,4 пайызға, ағаш және жиһаз өндірісі 3,9 есе, өзге металл емес бұйымдарды өндіру (құрылыс материалдары, портландцемент, бетон) 4,5 пайызға, металлургия өндірісі 24,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты.

Алайда, өңдеу өнеркәсібі 0,4 пайызға төмендеп, 99,6 пайызды құрады, оның ішінде мұнай өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі 92 пайыз (ПКОП), тоқыма бұйымдарын өндіру 71,3 пайыз, сусындар өндіру 88,7 пайыз, қағаз өнімдерін өндіру 97 пайыз, химия өнімдерін өндіру (сабын) 63,7 пайыз құрады.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының  өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында
2020 жылы жалпы құны 23,9 млрд. теңгеге 454 жаңа жұмыс орындарымен 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде:

1.«Амир-А» ЖШС – металлургиялық зауыттың құрылысы (18 000 млн.теңге, 250 жұмыс орны);

«Рахат-Шымкент» ЖШС – қант қосылған және кескіш печеньесін өндіру желісі (3 200 млн. теңге, 33 жұмыс орны);

«B.A.E.R.» ЖШС – дәкеден таңу материалдарын өндіру (316 млн.теңге,
50 жұмыс орны);

«New technology Ltd» ЖШС – дизельді-генераторлы зауыт құрылысы (280 млн.теңге, 30 жұмыс орны);

«Нұр-kz» ЖШС – түсті металл бұйымдарын құю шағын зауытының құрылысы (331 млн.теңге, 23 жұмыс орны);

«Корпорация «Аманта» ЖШС – газоблок шығаратын зауыт құрылысы (1725 млн. теңге, 68 жұмыс орны).

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 631 рет