Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020 10:49

Шымкентте 200 гектар аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде

Бұл жерде құны 89,8 млрд.теңгені құрайтын 42 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде құны 30,5 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба жүзеге асырылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

2020 жылы 2 жоба іске қосылды (790 млн.тг.,48 ж.о):

— ақпан айында құны 290 млн.теңгеге 15 жаңа жұмыс орнымен аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылды («СП «Lux Shoes» ЖШС) .

— маусым айында құны 500 млн.теңгеге 33 жаңа жұмыс орнымен А3, А4, А5 форматты қағаз өндірісі жобасы іске қосылды («Qagaz Ordasy» ЖШС).

Индустрияландыру картасы аясында 2015-2019 жж. 42 жоба іске қосылды, оның ішінде 2019 жылы  8 жоба, олармен 2020 жылы 150 млрд. тг. өнім шығару күтілуде.

Биыл ПКОП ЖШС – мен 3,4 млн.тонна өнім өндіріледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 мың тоннаға артық.

Сонымен бірге, 22,8 млрд. теңгеге 6 кәсіпорында жаңғырту  жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күнге 4-ң құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2 жоба 3 тоқсанда іске қосылады. Жобалар бойынша өнім 2021 жылы күтілуде.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 394 рет