Сәрсенбі, 18 Қараша 2020 01:12

Түркістан: Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 720 млрд. Теңгені құрайды

 Биыл Түркістан облысында 30 мыңнан астам агроқұрылымдарға 33,0 млрд. теңге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10 айда  635,3 млрд. теңгені құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда 18,5 млрд. теңгеге артып, сәйкесінше еңбек өнімділігінің өсімі 107,3 % құраған. Жыл соңына дейін жалпы өнім көлемінің индексі 104 % жеткізіледі. Ел экономикасын көтеруде аса маңызды саланың осы және өзге де жетістіктері өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен облыстық «Алтын күз-2020» мерекелік шарасында айтылды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне арналған.

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімінің
20 пайызын құрайтын облыстың негізгі саласы болып табылады.

 Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткеніндей, ауыл шаруашылығын дамытусыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы елді азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыру бойынша міндеттер қойған болатын.Осы бағыттардың барлығы бойынша 2020 жылы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аймақ басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 17,0 мың гектарға артып, 846,1 мың га құраған.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес масақты дақылдар 18,8 мың га артып, 250,5 мың га жерге, мал азықтық дақылдар 11,0 мың га артып, 212,7 мың га-ға, көкөніс, бақша 1,7 мың га артып, 120,5 мың га-ға орналастырылса, тиісінше мақта дақылы 5,5 мың га қысқартылып 125,8 мың га алқапқа егілді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 85 рет