Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021 22:19

Шымкентте өткен жылы 15 га жерге алма бауы егілді

Шымкентте өткен жылы 15 га жерге алма бауы егілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент қаласында ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес егістікке жарамды 39,5 мың га жердің 2020 жылы 27,9 мың га немесе 70,6% игерілді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың га артық (2019 жылы 26,7 мың га. )егіліп, жалпы 59,3 мың тонна өнім жиналды.

Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 га жылыжайлар («Таза өнім» ШҚ -6 га, «Арман Агро» ШҚ- 3,7 га, «Колесников А.В.» ШҚ-2 га) және 15 га қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылды («Д-Сабыр» ЖК).

Айта кетсек, қаланың ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың га құрайды.

Айта кетейік, шаһарда осы жылға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 122 млн. 146 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 5 млн. 885 мың теңге, пестицидтердің, биоагенттердiң құнын субсидиялауға 600 мың теңге бөлінді. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 504 рет