Бейсенбі, 28 Маусым 2018 08:50

Шымкенттегі мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне дейін көтеріледі

Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақылары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының деңгейіне дейін көтеріледі. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Түркістан облысын қалыптастыруға байланысты бюджетке өзгерістер енгізудің және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін берудің шарттары туралы әңгімеледі.

«Әзірге есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз алдын-ала есептеулерді әзірлеп жатырмыз. Әрбір министрлік - үлкен өзгерістер және қазынашылық бөлімін соған орай бөлу керек, мемлекеттік кірістер органдарын, мемлекеттік меншік және мемлекеттік аудитті де», - деп түсіндірді ол. «Менің ойымша, күзде бюджетті нақтылауға болады, және сол жерде аймақ пен республикалық маңызы бар жаңа қала арасындағы субвенциялардың бөлінуі қарастырылған», - деді Қаржы министрі.

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов бюджеттерді қарап біткеннен кейін мемлекеттік орган қызметкерлерінің еңбекақылары ұлғаюы мүмкін екенін айтты. «Ия, әрине (жалақы көтеріледі). Республикалық маңызы бар қалада да. Мысалы, олардың еңбекақысы Орталық орган деңгейіне дейін жетеді», - деп түсіндірді министр.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

 

Оқылды 1302 рет