Бейсенбі, 12 Шілде 2018 13:10

Шымкентте өндіріс ошағының тұсауы кесілді

Шымкентте жаңа зауыттың тұсауы кесілді. «Аспан» сауда белгісі бойынша «Триумф Завод ММС» ЖШС елімізде тұңғыш рет есік, терезенің барлық қосалқы бөлшектерін шығарады. Бұған дейін есік-терезеге қажетті бөлшектер шетелдерден жеткізілетін. Енді бұл өнімдер өзімізде өндіріледі

Бұған дейін кәсіпкерлер қосалқы бөлшек іздеп, шетелге сабылатын. Ал аталмыш кәсіпорын –  пластикалық есік, терезеге қажетті барлық қосалқы бөлшектерді шығаратын алғашқы зауыт. Кәсіпорын соңғы үлгідегі германиялық және түркиялық технологиямен жабдықталған. Ол жылына 6 миллиондана қосалқы бөлшек шығаруға қауқарлы. Сондай-аққажетті өнімді түрлі түске бояп шағарады.

«Цинк, алюминий, мыс аламыз, содан замак деген материал жасап шығарамыз. Сол замактан құйып жасаймыз. Кішігірім детальді толыққанды сырлаудан өткізіп, қорапқа саламыз. Мұндай өнімді толыққанды шығаратын зауыттар біздің Қазақстанда әзірге жоқ» дейді «Триумф Завод ММС» ЖШС директорыНұрқасым Ақылбекұлы.

Отандық шикізатты ұнтақ күйінде сатып алып, оны өздері құйып, дайын өнім ұсынады. Кәсіпорынның жобалық құны 1 миллиардтеңге. Онда қазіргі таңда 60 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынның ашылуына алыс-жақын көрші мемлекеттер мен елімізден 200-ге жуық кәсіпкер келді. Олардың арасында Тәжікстанның Душанбе қаласынан келген бизнес өкілдері де бар. «Қазақстандық өнім сапалы, бәсекеге қабілетті» дейді олар.

Айта өтейік, жыл соңына дейін екінші цех іске қосылады деп межеленген. Ол кезде өндіріс кеңейіп, жұмысшылар саны екі есеге артадыЗауыт дайын өнімді Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанға және еліміздің барлық өңірлеріне шығаруды көздеп отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1207 рет