Сейсенбі, 05 Сәуір 2022 09:12

Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартады

Қазақстан 2022 жылы мұнай өндіру көлемін қысқартады.

Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 млн баррельге аздаған төмендеу бар. Барлығы 85,7 млн баррель негізі. Бірақ оның орны мұнай бағасының қымбаттығы есебінен толтырылады», - деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, ол Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірді.

Министрдің айтуынша, нақтыланған бюджет жобасында зейнетақы мен жәрдемақы көлемін инфляцияға сай 9 пайыз мөлшерінде индекстеу көзделген.

«Біз инфляция деңгейін 8-10 пайыз көлемінде деп алдық. Сонда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері шамамен 9 пайыз индекстеледі», - деді министр.

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 541 рет