Сейсенбі, 19 Сәуір 2022 12:07

Шымкентте шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 103 пайызға артқан

Шымкентте өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен.

2021 жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады: ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге, өсім 103,2% құрады; жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі – 41,3% жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34% құраған.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері болып табылады. Бағдарлама шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде:

- сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша - 1 357 жоба;

- ішінара кепілдендіру бойынша - 1 126 жоба;

- жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 39 грант берілді;

- өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша - 3 жоба.

Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары одан әрі жалғасатын болады. 

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 866 рет