Сейсенбі, 24 Шілде 2018 20:25

Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында кәсіпкерлер назарын аударды

Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында «Диспетчерлік қызмет орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 100%-ға кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Серіктестіктің үлесін кеңейтудің негізгі мақсаты қаладағы жолаушылар тасымалдау сапасын жақсарту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін серіктестік мына қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

1. Отандық өндірушілерден лизингке автобустар алып, қалалық жолаушы тасымалдаушы компанияларға жалға беру.

2. Қалалық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысын ұйымдастыру.

3. Көлік саласындағы озық әдістер мен үлгілерді енгізунегізінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдау мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, өндірістік көрсеткіштерді есепке алу және талдау жүргізу.

4. Жолаушылар көліктерінің желісін тиімді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау.

Сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болған жағдайда хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жазуыңызға болатынын еске саламыз. Байланыс телефоны: 39-36-89.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1224 рет