Сенбі, 01 Қазан 2022 20:43

Отырар ауданында еңбек күні мерекесі аталып өтті

Түркістан облысы Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен еңбеккерлер мерекесіне орай іс-шара өткізілді.

«Еңбек - ырыстың бұлағы, Еңбек - бақыттың шырағы»,Қамбасы астыққа толар берекелі күз айы қыркүйектің соңғы аптасы еңбек күні, барша еңбеккерлер мерекесі! Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы және мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы еңбеккерлерді мерекелерімен құттықтап , алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар жасады. Іс-шара соңы мәдениет сарайының өнерпаздары арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.   

Аталған мерекенің тарихына тоқтала кетер болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгілен болатын. Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.

 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 433 рет