Түркістан облысының жастары теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі шыңды бағындырды

Жастар жылы аясында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты Өгем тауларына саяхат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында экотуризмді, альпинизмді, "Ұлы даланың жеті қырын", еліміздің киелі орындары мен тарихи мекендерді жастар арасында үлкендер үлгісімен кеңінен насихаттау. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында 100 жасқа кәсіпкерлік негіздері оқытылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бағытта жастарды жан-жақты қолдау мақсатында Түлкібас ауданында ауқымды жұмыстар іске асып жатыр. 

Түркістан облысында «Turkistan ART fest» байқауы ұйымдастырылды

2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, жастардың еңбегін, білімін көрсетуге көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына байланысты жас таланттардың арасында көптеген байқаулар өтуде. Соның бірі жыл сайын дәстүрге айналған «Turkistan ART fest» жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасындағы облыстық байқау. Аталмыш сынға қатысып, бақ сынаған жас буын биыл да көп болды. 

Осы RSS каналға жазылу