Сарыағаштық диқандар биыл 60 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары барысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз–2018» мерекелік шарасына қатысты. Биыл сарыағаштық диқандар мол өнім жинады. Межеленген жоспар артығымен орындалып, 60 миллиард теңгенің өнімі алынған. Өз кезегінде облыс басшысы жергілікті шаруаларды айтулы мерекемен құттықтады.

2025 жылға қарай Түркістанға келетін туристердің санын 5 млн-ға жеткізу көзделуде

Жыл соңына дейін Түркістан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 46 жоба мен 168 іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы өз сөзінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының барлық басым бағыттары бойынша атқарылған нақты жұмыстар мен жүзеге асырылған ауқымды жобаларға кеңінен тоқталды.

Түркістанды дамытуға іскер әйелдер де үлес қосуға ынталы

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева мен қауымдастықтың Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы өкілдіктерінің жетекші ханымдары Құралай Бекенова, Инара Намазбаева, Эльмира Созақбаева сынды бірқатар іскер әйелдермен кездесті.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: отырарлық шаруалар жаңа жобамен жұмыс істеуге құмбыл

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.