Түркістан облысы: Ө.Шөкеев пен Ж.Түймебаев мақтааралдық шаруалармен кездесті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлініп, өнімділік жоғарылап келе жатқанын жеткізді.