Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024 22:07

Шымкенттік студент Халықаралық чемпионаттан жеңіспен оралды

Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің шәкірті Әйгерім Досова Франциядан жеңіспен оралды. Францияның Лион қаласында өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында жерлесіміз жүлделі орынға ие болған еді. Бүгін жеңімпаз студентті Шымкент теміржол вокзалынан жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

 

Халықаралық чемпионатқа 70 мемлекеттен келген қатысушылар 62 түрлі кәсіби шеберлік бойынша бақ сынады. Кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

 «WorldSkills» Чемпионат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды.

Мақсаты — бүкіл әлем бойынша техникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттау.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Францияның Лион қаласында «WorldSkills Lyon-2024» халықаралық чемпионаты бастау алды.

Қазақстандық колледж студенттері «WorldSkills – 2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында керемет нәтижеге қол жеткізді. Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.

Қазақстан Республикасы құрама командасы да осы мемлекеттердің қатарында болып, соның ішінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінен «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша Лион қаласындағы халықаралық «WorldSkills -2024» чемпионатына «WorldSkills Kazakhstan -2022» Ұлттық чемпионатының І орын иегері – Досова Айгерім Русланқызы қатысты.

Әлемдік додада үздіктер қатарынан көрінген Досова Әйгерім Русланқызы «Сән-технологиясы» құзіреттілігі бойынша медальон жеңіп алып, жоғары көрсеткішке ие болып, топ жарды.

Оқылды 25 рет