Сейсенбі, 30 Қазан 2018 22:25

Түркістан облысы: Теріскейде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қос балабақша ашылды

Оның бірі аудан орталығы Шолаққорғанда ел игілігіне берілді. 75 балаға лайықталған бөбекжайда қазір 50 бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшада сәбилердің алаңсыз ойнап, би билеп, жан-жақты қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. 

Үш тілде білім беретін орталықта 17 адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың ішінде педагог, психолог, логопед мамандары бар.

Ал екінші балабақша Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Аққолтық елді мекенінде ашылды. 75 орындық «Асылжан» бөбекжайы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда қазір 20 адам еңбек етеді. Ауыл балабақшасы балаларды бөбекжаймен қамтып қана қоймай, жұмыссыздық мәселесін шешуге де оңтайлы әсер еткен.

Жалпы, бүгінде ауданда 43 мектепке дейінгі мекеме болса, соның 17-сі мемлекеттік, 16-сы жекеменшікке тиесілі. Соның арқасында өңірде балаларды балабақшамен қамту 90 пайызға жеткен. 

Айта өтейік, Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтеретін балабақшалардың құрылысы жалғасын табатынын айтады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 937 рет