Бейсенбі, 07 Қараша 2019 00:23

Шымкенттік оқушылар жыр жаттап, миллион ұтты

Шымкент қаласында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өз мәресіне жетті. Сайысқа Шымкент шаһары бойынша 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім қатысты. Қалалық кезеңге 4 ауданнан (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау) 12 оқушы іріктеліп өткен болатын. 

Руханият додасы республика бойынша 6-10-сынып оқушыларының арасында өтті. Байқау аясында қатысушылар 132 беттен, 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді.

Сонымен, қалалық кезеңде 1-орынды Салтанат Махсут (1 млн. теңге) жеңіп алды. Жетекшісі Айгүл Абдиматоваға 2 млн. теңге табысталды. Ал 2-орын Қарақат Қонарбаеваға (600 мың теңге) бұйырды, жетекшісі – Құрбанкүл Кульбекова (1 200 000 теңге). 3-орыннан Асел Әбдікер (300 000 теңге) көрінді, жетекшісі – Бибайша Садыкова (600 000 теңге).

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 752 рет