Жұма, 06 Шілде 2018 12:27

Шымкент қаласының әкімі үздік түлектерге диплом тапсырды

Таяуда Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университеті бітіруші түлектерге арнап салтанатты кеш ұйымдастырды. Онда 444 түлек үздік дипломмен марапатталды. Мегаполистің қақ ортасындағы Әл-Фараби алаңында өткен аталмыш іс-шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, үздіктерге дипломды өзі табыстады.

Диполмның табыстау сәтін тағатсыздана күткен болашақ мамандардың қуанышы, көкке бір елі жетпей тұрды. Әл Фараби алаңына жиналға жастардың барлығы оқуды үздік бітіргендер. Енді олардың арманы биік белестерді бағындыру. Сондай үздіктердің бірі Сәкен Сағындықов «Біз М.Әуезов атындағы ОҚМУ мұғалімдері өте білімді әрі білікті ғалымдар мен профессорлардың қолынан сабақ алдық. Болашақта сол мұғалімдердің сенімін ақтаймыз деп үміттенеміз»,-дейді.

75 жылдық тарихы бар оқу ордасы үшін биылғы жыл табысты болды. Университет Қазақстандағы ЖОО-ның рейтингісі бойынша 3-орынды иеленді. Ал әлемдік деңгейде үздік университеттер арасында 450-ші қатарға тұрақтаған. Биылғы түлектер 86 мамандық бойынша білім алып, дипломға ие болды.

Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысты. Қалабасы үздіктерге салтанатты түрде диплом тапсырып, ақ жол тіледі. Оқу орны биылғы жылы жеткен жетістіктерін Астана қаласының 20 жылдығына арнады. Мереке қарсаңында қолдарына диплом алған болашақ мамандар шара соңында естелікке суретке түсіп, мерекелік концертті тамашалады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 1520 рет