Сенбі, 11 Желтоқсан 2021 19:05

Түркістандағы университет халықаралық деңгейде мойындалды

Мадридте БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО) бас ассамблеясының 24-сессиясы өтті. Оған әлемнің 120 елінен 1000-нан астам делегат қатысты.

Қазақстандық делегацияны ЮНВТО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі К.Жигалов басқарды.

Сессия барысында туризмді тұрақты қалпына келтіруге, білім беруге және ауылдық туризмді дамытуға ерекше назар аударылды.

Ассамблеяда ұйымның бас хатшысын 2022-2025 жылдарға бекіту, ЮНВТО жарғылық органдарына кандидатураларды бекіту, 2023 жылы ЮНВТО ГА-ның келесі сессиясын өткізу орнын айқындау, ЮНВТО-ның өңірлік бөлімшелерін құру, Атқарушы кеңес мүшелерін сайлау және өзге де мәселелер қаралды.

Ұйымның жаңа мүшесі ретінде Түркістан қаласының халықаралық туризм және меймандостық университетінің қосылуын ратификациялау маңызды оқиға болды. Осылайша, туризм және қонақжайлылық университеті ЮНВТО бекіткен ҚР алғашқы жоғары оқу орны болды.

ЮНВТО-ға мүшелік кейіннен университет жанынан ЮНВТО білім беру орталығын ашу мәселесін ілгерілетуге ықпал етеді. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

 

Оқылды 455 рет