Дүйсенбі, 13 Желтоқсан 2021 14:10

Түркістан: Жетекші оқу ордасының басшылары марапатталды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек пен аталған оқу ордасының ректоры Жанар Темірбекованы қабылдады.

Өңір басшысы Түркістан облысының дамуына, оның ішінде білім саласын өркендетуге үлес қосып жүрген қос тұлғаның еңбегін жоғары бағалады.

«Алдымен сіздерді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Осы мереке қарсаңында өздеріңізге Түркістан жұртшылығы атынан алғыс айтып, арнайы марапатты ұсынамыз», деген облыс әкімі Мухитдин Шимшек пен Жанар Темірбековаға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарын тапсырды.

Марапатқа ие болған жетекші оқу ордасының басшылары Түркістан өңірін дамытуға қызмет етуді жалғастыратындарын, шаһардағы өзгерістер білімді жастарды жарқын болашаққа жетелейтінін жеткізді.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

 

Оқылды 436 рет