Шымкентте бас миына күрделі ота жасалды
Бас миындағы үш патологияға бір сәтті ота. Шымкент қалалық №2 ауруханасының нейрохирургтары медицинада сирек кездесетін аса күрделі жағдай бойынша жоғары технологиялық операцияны сәтті өткізді. Дәрігерлер 24 жастағы пациенттің бас миындағы бірден үш ауыр патологияны бір операция барысында алып тастап, оның өміріне төнген қауіпті сейілтті. Медициналық көмек МӘМС есебінен көрсетілген.