Түркістан облысынан 8 оқушы 100 жеңімпаз қатарына қосылды

Алғашқы рет елордада 14 облыстың 162 ауданынан 703 үздік 9-сынып оқушыларының қатысуымен «IQanat» республикалық ауылдық мектеп оқушыларының слеті ағымдағы жылдың 1-5 шілде аралығында Назарбаев Университетінде өтіп жатыр. Қатысушылардың барлығы - «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары. 

Түркістан облысы: Сарыағаштық оқушылар облыстық керуен-шеруге қатысты

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай облыстық білім басқармасының қолдауымен облыс оқушылары арасында «Облыс тарихы» атты керуен-шеру ұйымдастырылды. Керуен-шерудің негізгі мақсаты мен міндеті оқушылардың жазғы демалысын үнемді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстанып рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, өскелең ұрпақты патироттыққа тәрбиелеу, облысымыздың табиғи, мәдени мұраларын дәріптеу және тарихи естеліктерді сақтауға баулу.

Сарыағаш ауданында «Балдәурен» лагерінің 2-ші маусымы ашылды

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Сарыағаш өңірінде балалардың демалысы қызықты өту үшін барлық жағдай жасалған. 2019 жылдың 21 маусым күні «Балдәурен» жазғы лагерінің ашылу салтанаты болып өтті.

А.Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңіріміздегі 23-45 жас аралығындағы тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының қазақ тілі оқытушылары арасында А.Байтұрсынов атындағы «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы әкімі білім саласындағы құрылыс нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудандағы салынып жатқан білім саласына қатысты біршама құрылыс нысандарын аралап, мұқият тексеріп шықты. Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына мән беріп, олардың өз уақытында тапсырылуын міндеттеді. 

Түркістан: Мырзашөлде ақпараттық білім беру орталғы мен «балалар құқығы» жазғы мектебі өз жұмысын бастайды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.

Отырарлық оқушылар жазғы лагерлерде демалуда

Отырар ауданында балалардың жазғы демалысы жыл сайын аудан сыртында, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде және спорттық секцияларда, тарихи орындарға саяхат үлгісінде ұйымдастырылып келеді.