Түркістан: мобильді қосымша арқылы 3D-тур жасауға болады

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жайлы тікелей көрсетілім тұңғыш рет «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде орнатылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ресми сайтындағы (http://azretsultan.kz/) МЕДИА бөлімінде онлайн режим іске қосылды.

«Тарихы терең Түркістан» ақпараттық туры басталды

Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталды. Бұл жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандарды таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкі туризмді дамыту. 6 күндік ақпараттық турды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Open Kazakhstan» ЖШС ұйымдастырып отыр.

Түркістан облысы: Шардарада жаңадан екі мектеп салынып жатыр

Қазіргі таңда Шардара ауданында 2 мектептiң құрылысы басталып, 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан мектептердің бірі «А.Иманов» атындағы 300 орындық орта мектеп. Жалпы ауданы 6936 шаршы метрді құрайтын құрылыс нысаны 9 айда толығымен аяқталып, қолданысқа берілмек.

Түркістан: Сайрамда «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты байқау өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Руханиятымыздың алып бәйтеректері» атты байқау өтті.

Саырағаштық түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша елімізде тек бір ғана оқушы ең жоғары 140 балл жинаған. Ол - Қасымжан Жұбай есімді Сарыағаш ауданының түлегі. «Жаскешу» деп аталатын алақандай ауылдағы орта мектепті 11 жыл бойына үздік оқыған жас мұндай жетістікке қажырлы ізденіс, мақсатшыл талпынысы арқасында жетіп отыр.

Түркістан облысы: Жетісайда «Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іс» атты тәрбие сағаты өтті

Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округіне қарасты Қазыбек би ауылының №6 кітапханасында балалар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іс» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойына адамгершілікті қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іске баулу.